$ 481.84  531.33  5.07

Пәкістандағы террористік шабуылдан жеті адам қаза тапты

Қауіпсіздік қызметі ғимаратқа шабуыл жасаған барлық 3 содырдың көзін жойған.
фото: Тасс
фото: Тасс

Пәкістанның Синд провинциясына қарасты Карачи қаласындағы полиция бөлімінің кеңсесіне террористік шабуыл жасалып, 7 адам қаза тапты.

Бұл туралы аймақ үкіметінің баспасөз хатшысы Муртаза Вахаб өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қытайдың Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Муртаза Вахабтың жазуынша, қауіпсіздік қызметі ғимаратқа шабуыл жасаған барлық 3 содырдың көзін жойған. Қақтығыс кезінде 3 қызметкер мен бейбіт тұрғын қаза тапқан. Тағы 19 адам түрлі жарақат алған, біреуінің жағдайы ауыр.

Шабуыл жергілікті уақыт бойынша сағат 19:10 шамасында болған. Аймақтық үкіметтің баспасөз хатшысы мәлімдегендей, содырлар полиция ғимаратына негізгі қақпа арқылы кіріп, оқ жаудырып, 25-тен астам граната лақтырған.

Бұл әрекетті елде тыйым салынған «Техрик-и-Талибан Пәкістан» ұйымы өз мойнына алды. Жұма күні кешке жарияланған мәлімдемеде шабуылдың негізгі нысаны - Карачи қаласындағы полиция бөлімі болғандығы айтылған.

Пәкістанның премьер-министрі Шахбаз Шариф полиция мен қауіпсіздік қызметіне жүйелі ұйымдастырылған әрекеті үшін алғыс айтып, террористік шабуылды қатаң айыптады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары