$ 498.34  519.72  4.85

Бір қорап темекі ұрлап сотталған тұрғын бүтіндей бір ауылдың қарын күреп жүр

Бір қорап темекіні қолды еткен Қызылжар ауданы тұрғынының ісі сотта қаралды.
Фото: СҚО қылмыстық атқару жүйесі департаменті
Фото: СҚО қылмыстық атқару жүйесі департаменті

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны бір қорап темекінің ақшасын төлемей кеткені үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылжар ауданының тұрғыны демалысқа Петропавлдағы досының үйіне барған.

Қонақ спирттік ішімдік ішкеннен кейін жақын маңдағы дүкенге барған. Сатушыдан бір қорап темекі сұрап, алғаннан кейін ақысын төлемей қашып кеткен.

Кейін ол бұл қылмысқа мас болғандықтан барғанын айтып, ақталмақ болыпты.

Ер адамға ауырлығы орташа санатқа жататын және ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі бойынша «Тонау», яғни бөтеннің мүлкін ашық ұрлау ретінде сараланатын қылмыс жасады деген айып тағылды.

Бір қорап темекіні қолды еткен Қызылжар ауданы тұрғынының ісі сотта қаралды.

Сот үкімімен ол енді 300 сағат қоғамдық жұмысқа жегіледі және пробация бөлімінің есебіне алынды.

Ауылдық округ әкімдігінің маманы белгілеген жұмыс жоспарына сәйкес сотталған адам ауыл аумағын абаттандыру және қыста қар күреу жұмысымен айналысады.

Қызылжар ауданының пробация қызметі сотталған адамның жеке басын, оның бейімділігін, қылмысқа ықпал етуі мүмкін тұрғын үй және отбасылық проблемаларын зерделеу мақсатында есепке алынған адаммен оны түзетуге бағытталған әңгіме жүргізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары