$ 444.22  476.38  4.82

Қытаймен өткізілмек болған бес келіге жуық нефрит тасы тәркіленді

31 жасар ер адамға қарсы қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды skifnews.kz.

«Қытай Халық Республикасына бара жатқан 31 жасар Қазақстан азаматы шекарада ұсталды. Тексеру барасында, ер адамның қол жүгінен жасыл түсті тас табылды. Бұл нефрит қымбат тасы болуы мүмкін. Салмағы 4 кг. 700 гр», делінген ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, шекарада тағы бір контрабандашы Қазақстан азаматшасы ұсталды. Тексере келгенде, оның қол жүгінен 20 планшет табылған.

Қазіргі таңда осы істер бойынша тексепрулер өткізілуде. Ұсталған адамдар «Экономикалық контрабанда» бабы бойынша жауапкершілікке тартылмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары