$ 481.84  531.33  5.07

Астанада ақауы бар пештің кесірінен 25 адам көмірқышқыл газына уланып қалды

Ведомство өкілдері оқиға жатақханаға айналған тұрғын үйде болғанын атап өтті.
Фото:  Stan.kz
Фото: Stan.kz

Астанада жылыту пешінің ақауы салдарынан 25 адам көмірқышқыл газынан уланып қалған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Бүгін таңертең жедел жәрдемге жеке 4 қабатты жатақхананың бірнеше бөлмесінің тұрғындарының көмірқышқыл газынан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. 25 адам, оның ішінде 9 бала көмірқышқыл газымен уланған", - дейді департамент өкілдері.
Белгілі болғандай бұл аталмыш нысанда болып отырған алғашқы оқиға емес екен. Өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды бекітіп, өмірлік қауіпсіздік талаптарының бұзылуы туралы материалдарды әкімдікке, мемлекеттік құрылыс комитетіне және тұрғын үй инспекциясына жіберілген.

Болған оқиғаның себебін анықтау үшін оқиға орнына тергеуші мен сынақ-зерттеу өрт зертханасы жіберілгені айтылады. Алдын ала мәлімет бойынша, мәселе жылыту пешінің дұрыс жұмыс істемеуінен туындаған.
Ведомство өкілдері оқиға жатақханаға айналған тұрғын үйде болғанын атап өтті. Нысан өрт автоматикасы жүйесімен жабдықталмаған. Ал үйдің қайта құру туралы құжаты жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#улану #Астана