$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында ер адамның ішінен 19 шеге шықты

Былтыр 12 қыркүйекті науқас дәл осылай шеге жұтып қойып, тек үшінші күн дегенде дәрігерлерге қаралған.
Фото: Пресс-служба Северо-Казахстанкой областной больницы
Фото: Пресс-служба Северо-Казахстанкой областной больницы

Отаны Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының хирург-дәрігерлері жасады.
 

Алматы облысы Қарасай ауданы тұрғынының аш ішегінен 19 шеге шықты, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Шизофрениямен ауыратын 39 жастағы ер адамның аш ішегінен ұзындығы 10 см болатын барлығы 19 шеге алынған. Науқас шеге жұтып қойған соң тек төртінші күні ғана дәрігер көмегіне жүгінген. Шұғыл түрде ота жасалды, қазір оның жағдайы қалыпты.

Былтыр 12 қыркүйекті науқас дәл осылай шеге жұтып қойып, тек үшінші күн дегенде дәрігерлерге қаралған. Оның айтуынша, ашуланып осылайша суицид жасамақ болған. Ол кезде де ұзындығы 10 см болатын 14 шегені дәрігерлер алып тастаған. Отадан соң науқас құлан-таза сауығып, ауруханадан шығарылған.

Дереккөз: Спутник Қазақстан 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #Шеге