Қарағандыда жергілікті атқамінерлер қала ішіндегі жолдарды жөндеуге бөлінген 2 млрд теңгені жымқырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері жол жөнделмей жатып құжатқа қол қойған.
Осылайша бюджетке шығын келтірген, деп жазады qazaqstan.tv.
Қызметтік мүмкіндігін асыра пайдаланып, аса ірі мөлшерде мемлекет қаржысын ысырап еткендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.