$ 439.43  473.31  4.82

Шымкентте кәмелетке толмаған қызды автобус қағып кетті

Қыз жабық бассүйек-ми жарақатымен балалар ауруханасына жатқызылған. Миы шайқалған, маңдай аймағы көгерген, кеуде қуысы және қабырғасы жараланған.
Фото: tengrinews
Фото: tengrinews

Шымкентте автобус кәмелетке толмаған қызды қағып кетті. Оқиға 22 ақпанда сағат 10:30-да Байтұрсынов көшесінде болған. Апат салдарынан қыз көптеген дене жарақатын алған. Бұл туралы мегаполистің Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, қыз жабық бассүйек-ми жарақатымен балалар ауруханасына жатқызылған. Миы шайқалған, маңдай аймағы көгерген, кеуде қуысы және қабырғасы жараланған. Дәрігерлердің айтуынша, қызға операция қажет емес.

"2005 жылы туған науқас, ЖКО орнынан №1 Қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, онда оған КТ және ультрадыбыстық зерттеу жүргізілді. Ол қазір қалалық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Травматикалық пунктте науқасты реаниматолог, нейрохирург қарап, миының жабық жарақаты диагнозымен нейротравматологияға жатқызылды", - деді Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары