$ 481.84  531.33  5.07

Өңірлердегі қысқы туризмнің жайы қалай?

Қазіргі таңда өңірде тау шаңғысы туризмі өте жоғары деңгейде дамуда.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Елімізде соңғы уақыттарда қысқы туризмді дамыту үшін біршама жұмыстар қолға алынып, демалыс аймақтарына барынша жағдай жасалып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

Оның дәлелі ретінде Алматы облысындағы "Апорт", "Ой-Қарағай","Ақтас", "Ақбұлақ" тау шаңғысы курорттарының аумағын үлкейту, "Түрген" тау шаңғысы курорты мен "Park Canyon"туристік ойын-сауық кешенін салу бойынша басталған инвестициялық жобаларды айтуға болады.

Мәселен Ақмола облысында қысқы демалысты жандандыру үшін инвестиция көлемі шамамен 300 млрд теңгені құраған. Бұл қаражаттың 70 пайызы жеке компаниялардан тартылған. Қалған мемлекет қаржысы есебінен жұмсалып отыр.

Сол секілді мамандар әлден-ақ пайда әкеле бастаған бастамалардың бірі деп Сарқан ауданындағы "Теректі" тау шаңғысы базасын айтып отыр. Қазір бұл аймақта қысқы демалыс өте қызу қарқынмен жүріп жатыр. Осылайша 2018 жылы ашылған шаңғы базасы Тау спортының әуесқойлары үшін сүйікті орынға айналып үлгерді.

Шығыс Қазақстан облысында да қысқы туризмді дамыту мақсатында бірнеше іс-шаралар жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан облысы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының мәліметінше, облыста қысқы туризмді дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Себебі облыстағы қар жамылғысы ел бойынша ең ұзақ әрі қысқы туристік маусым 6 айға дейін созылады. 

Қазіргі таңда өңірде тау шаңғысы туризмі өте жоғары деңгейде дамуда. Шаңғы және сноуборд әуесқойлары үшін әртүрлі қиындық санатындағы беткейлері бар көптеген курорттар бар. Олар тәжірибелі шаңғышыларға, сноубордшыларға да, әуесқойларға да ыңғайлы. 

Қысқы туризм облыстың басқа аудандарда да жақсы қарқынмен дамуда. Зайсан ауданында "Айка" шаруа қожалығы аңшылық турларды ұйымдастырумен қатар жыл бойы сауықтыру және емдік қызметтерін көрсетеді.

2021 жылы Катонқарағайда "Qaton Qaragai Resort" пантотерапиялық орталығы салынды. Ол сондай-ақ қыс айларында үздіксіз жұмыс істейді. Сонымен қатар, туристер бұл кешенде шаңғы тебуге, атқа мінуге және сырғанауға болады. 

Басқарма мәліметінше, жыл сайын қысқы туризм бойынша арнайы нұсқаулық дайындалады. Осылайша, келушілер демалыс орындарын таңдай алады, оған қалай жетуге болатынын біле алады және басқа да қызықты ақпаратпен танысады. Өңірге демалушылар санын көбейту үшін қыс мезгілінде арнайы бейнероликтер түсіріліп, ғаламторға жарияланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары