Жетісу облысы Алакөл көлі маңында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасап.
Магнитудасы 4,1 балл болатын жер асты дүмпулері Астана уақыты бойынша сағат 08:01-де тіркелді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 424 шақырым жерде орналасқан", - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,3. MPV магнитудасы - 4,1. Тереңдігі - 10 шақырым.