Түркияда 6 ақпанда болған жойқын жер сілкінісінен 43 556 адам көз жұмды. Бұл туралы Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеді. Сирияда белсенділер 6747 адамның қаза тапқанын тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Түркияда 6 ақпан күні Сириямен шекарада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 43 556-ға жетті.
Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен ондаған мың адам жарақат алды.
6 ақпанда Түркия-Сирия шекарасында магнитудасы 7,8-ге жеткен жер сілкінісі салдарынан ондаған мың адам жарақат алып, ауруханаларда жатыр. Көптеген адам қыс ортасында баспанасыз қалып, гуманитарлық көмекке мұқтаж.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, апаттан 23 млн-ға жуық адам зардап шекті. Мамандар жер сілкінісінің экономикалық шығынын 20 млрд доллардан (18,8 млрд еуро) астады деп бағалады.