$ 443.44  480.51  4.88

«Шаршадым!»: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Боксшы бұл туралы twitter-дегі парақшасында жазды,
© AFP 2023 / Yong Teck Lim
© AFP 2023 / Yong Teck Lim

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) британиялық Лиам Смиттің (33-3-1, 20 КО) жекпе-жекке шығудан бастартуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Шынымды айтсам, менімен жұдырықтасудан бастартып жатқан қарсыластардан шаршадым! Келесі қарсыласым менімен жұдырықтасады деп үміттенемін. Бірақ мен әлемдегі ең танымал боксшылардың бірі болатыныма уәде беремін. Алдыңа мақсат қойсаң, соған сенсең, оған жетуге болады», деп жазды Жәнібек Әлімханұлы twitter-дегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары