$ 494.87  520.65  4.91

Түркістанда қасапшыны пышақтап өлтіріп кетті

Жас жігіт өз кінәсін мойындады.
Фото: t.me/ulysmedia
Фото: t.me/ulysmedia

22 ақпан түнде Түркістан қалалық ПБ-ның кезекші бөліміне жедел жәрдем қызметінен көше қиылыстарының бірінде пышақ жарақаты бар ер адамның мәйіті анықталғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Жәбірленушінің базарда қасапшы болып жұмыс істеген жергілікті тұрғын екені анықталды.  Тәртіп сақшылары, куәгерлерден жауап алып, барлық полиция бекеттеріне хабарлады.
  
Күдікті сол түні ұсталды. Ол - Түркістан қаласының тұрғыны. Жас жігіт өз кінәсін мойындады. Заттай дәлел ретінде ас үй пышағы алынды. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, екі ер адам арасында мал етін кесуге қатысты жанжал туындап, ізінше жәбірленуші пышақталып, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. 

Дереккөз: t.me/ulysmedia

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары