23.02.2023, 16:40

«Канело» қазақ боксшыларын жаттықтырып жүр (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот
Жаттығу аяқталғаннан кейін ол өзінің қазақстандық жанкүйерлеріне сәлем жолдады.

Супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) қазақстандық боксшылармен тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды Suleimen Promotions баспасөз қызметі.

Suleimen Promotions баспасөз қызметі бөліскен жазбадан Альварестің Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) мен Бек Нұрмағанбетпен (8-0, 6 КО) жаттығу өткізіп, спортшыларымызға нақты нұсқау көрсетіп, мысалмен түсіндіріп жатқанын байқауға болады.  

Жаттығу аяқталғаннан кейін ол өзінің қазақстандық жанкүйерлеріне сәлем жолдады.

"Барша қазақстандық жанкүйерлерге сәлем. Құшақтадым. Досың Канело!",- дейді ол. 

Еске салайық, өткен жылдың қыркүйек айында Сауль Альварес Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) ұпай санымен ұтқан болатын.