Бұл туралы сенатор Евгений Больгерт Сенат отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айтуынша, ауыл шарауашылығы саласының еңбеккерлері ақпараттық жүйедегі техникалық ақауға байланысты субсидия алуға өтініш бере алмай отыр. Белгілі болғандай, биыл 1 қаңтардан бастап фермерлерге субсидия алуға өтінімдер беру жаңа gosagro.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асатынын еске салды. Бірақ қазір ауыл еңбеккерлері жүйенің дұрыс жұмыс істемеуіне және өтінімдерін қабылдамауына байланысты өтінім бере алмай келеді.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жаңа ақпараттық жүйенің дұрыс жұмыс істемеуіне және техникалық іркілістерге байланысты шағым айтып отыр. Онда бірқатар бағыттар бойынша субсидия алуға өтінімдер беруге мүмкіндік жоқ. Мәселен, жүйе субсидия алу үшін қажетті барлық құжаттың жиынтығын қабылдамайды. Құны 30 млн теңгеден сәл асатын жаңбырлатқыш машинаны сатып алу үшін субсидияға өтінім беру кезінде жаңа gosagro.kz жүйесі 46 миллиард теңге сомасын есептейді. Қолдау қызметі мұндай қате өтінімдер қабылданбайды деп бірден жауап береді. Олар қателерді түзетуге уәде бергенімен ешқандай өзгеріс жоқ. Жүйенің қателіктерін шаруалардың өздері де, олардың есепшілері де жеңе алмайды. ҚР АШМ колл-орталығы өмірі дұрыс жауап бермейді, жай ғана «допты кері тепкендей» басқаға сілтеумен айналысады, - деп атап өтті сенатор депутаттық сауалында.
Сонымен қатар ол көктемгі егіс жұмысына дайындық кезінде, шаруаларға жанар-жағармай материалдарына, тыңайтқыштарға, қосалқы бөлшектерге қаржы қажет болған кезде де болып жатқанына алаңдаушылық білдірді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі gosagro.kz ақпараттық жүйесінің жұмысындағы техникалық кемшіліктерді шұғыл түрде жоюды қажет деп санаймыз. Техникалық іркілістерді жедел жою мүмкін болмаған жағдайда, 2023 жылғы егіс науқанының тоқтатуға жол бермеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер субсидия алуға өтінім беру үшін жаңа gosagro.kz жүйесімен қатар qoldau.kz платформасын пайдалануына уақытша мүмкіндік жасау керек, - деді Евгений Больгерт.