$ 442.05  474.14  4.74

Түркия Қазақстандағы елшісін ауыстырды

Президент Режеп Тайып Ердоғанның қолы қойылған құжаттың мәтіні бейсенбіде үкіметтің ресми газетінде – Resmi Gazete-де жарияланды.
Фото: aa.com.tr
Фото: aa.com.tr

Түркия 7 мемлекеттегі елшілерін ауыстырды. Құжаттың мәтіні президент Ердоғанның қолымен үкіметтің ресми газетінде жарияланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атап айтқанда, Түркияның Португалия, Ұлыбритания, Қазақстан мен Ирандағы елшілері ауысты.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның қолы қойылған құжаттың мәтіні бейсенбіде үкіметтің ресми газетінде – Resmi Gazete-де жарияланды.

Аталмыш шешімге сәйкес, Астанадағы Елші Уфук Экиджи Луандадағы Түркия дипломатиялық миссиясының басшысы болып тағайындалды. Оның орнына бұрын Құқықтық қызметтер басқармасының бас директоры болған Мұстафа Капуджу тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары