$ 489.06  536.21  5.05

БАҚ туралы заң. Мемлекеттік тапсырыс арқылы субсидия және грант берілуі мүмкін

Мемлекет басшысының тапсырмасында отандық БАҚ-тың мықты болуы, ақпараттық тәуелсіздігімізді күшейту қажеттілігі айтылды.
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Бұл туралы АҚДМ БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Жасұлан Өмірәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Өздеріңіз көргендей, жаңа заң жобасында көптеген мәселені көтеріп жатырмыз. Мысалы, біріншіден, ең маңыздысы – журналист мәртебесін көтеру. Мемлекет басшысының тапсырмасында отандық БАҚ-тың мықты болуы, ақпараттық тәуелсіздігімізді күшейту қажеттілігі айтылды. Сол үшін бұл жерде екі мәселе бар. Бірі – журналист мәртебесін көтеру. Екіншісі – отандық ақпарат саласының нарығын күшейту, - деп атап өтті департамент басшысы «Ашық алаң» бағдарламасына берген сұхбатында.

Айтуынша, мемлекеттік қауіпсіздік мәселесі – бәрінің ұшар шыңында тұрады. 

Заң жобасында журналист мәртебесі, ерекше төтенше жағдайларда журналистердің кәсіби қызметін атқару қамтылды. Әскери журналистика, дау-жанжал журналистикасы сынды салаларды дамытуды ұсындық. Өйткені журналистерді арнайы дайындықтан өткізу керек. Пресс-карталар да бар. Пресс-карта қосымша тетік ретінде қолданылып, мәселен, аккредиттеусіз мемлекеттік органдарға бару сынды сәттер қаралады. Тағы бір айта кетерлігі, мемлекеттік тапсырысты біз грант және субсидиямен өткізгіміз келеді. Субсидияда сіз ақшаны бересіз, олар өздері алып кетеді. Ал грантта қаржыны ұсынып, жобасын ұсынуын талап етесіз. Ертең контентті жасаған БАҚ құқықтарын өздеріне қалдырады. Нарықта көрсетілімін сатып, монетизация жасауға болады. Бұл экономикалық жағынан өте тиімді, - деді Жасұлан Өмірәлиев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары