Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушысы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреулер оның ұлын ұрып-соғып, қарумен қорқытып, 3 миллион теңге тұратын жылқысын көліктеріне тиеп алып кеткен.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде үш тұрғын ұсталды. Олардың бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушысы.
Айғақты зат ретінде алынған мал заңды иесіне қайтарылды.
ҚР ҚК-нің 389-бабының 3-бөлігі «Өзінше билік ету» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.