$ 487.37  532.94  5.09

Сенат депутаты Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Депутат Гүлмира Кәрімова қайтыс болғаннан кейін-ақ парламент алдын ала себеп анафилактикалық шок деп ресми мәлімдеме жасаған болатын.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Парламент Сенатының депутаты Гүлмира Кәрімованың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Stan.kz.

Қылмыстық істің қозғалғанын арнаға Астана полиция департаменті бастығының орынбасары Мұратжан Шәкеров айтып берді.
"Факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды", - деді ол.
Депутат Гүлмира Кәрімова қайтыс болғаннан кейін-ақ парламент алдын ала себеп анафилактикалық шок деп ресми мәлімдеме жасаған болатын.
Анафилактикалық шок - дененің бір екпеге немесе тамаққа аллергиясы.
Бірақ кейінірек денсаулық сақтау басқармасынан өлімнің инфаркттан болғаны туралы жаңа ресми мәлімдеме жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары