$ 439.43  473.31  4.82

Қазақстаннан бір ғана боксшы Странджа кубогының финалына өтті

Асылқұлов турнирде финалға жеткен жалғыз қазақстандық боксшы болды.
Фото: Sports.kz
Фото: Sports.kz

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық «Странджа-2023» турнирінде ширек финалда қазақстандық Оразбек Асылқұлов қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осылайша Софиядағы «Странджа» халықаралық турнирінің финалында Қазақстанның ерлер құрамасынан бір ғана спортшы сынға түседі.

Жартылай финалда 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Оразбек Асылқұлов армян спортшысы Артур Базеянды 3:2 есебімен жеңді.

Асылқұлов турнирде финалға жеткен жалғыз қазақстандық боксшы болды.

Сондай-ақ, финалға шығу үшін 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрқанат Райыс барын салды.

Алайда ол болгар боксшысы Киван Рамиден 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Бокс #спорт