$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында жүк пойызы бір үйір жылқыны қағып кетті

Игілік ауылының 28 жастағы тұрғыны жылқылардың иесі ретінде анықталды.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ақмола облысында жүк пойызы 32 жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz cілтеме жасап.

«Ақмола облысының Көкшетау-Жамантұз станциясының өткелінде жүк пойызының 32 жылқыны қағып кетті. Апат болған жерде пойыздың 50 минут тоқтап қалды. Игілік ауылының 28 жастағы тұрғыны жылқылардың иесі ретінде анықталды. Жылқылардың қалған иелері ауыл тұрғындары үй жануарларын кезекпен жайып жүргендерін түсіндірді. ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары