$ 494.87  520.65  4.91

Ресей бидайын Қазақстанның астығы ретінде сатқан кәсіпкерлер тергеліп жатыр

Бас прокуратура мемлекет мүддесі үшін мүліктік залал келтіру фактісі бойынша тергеп-тексеру жалғасып жатқанын жеткізді.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Ресей Федерациясынан сатып алынған бидайды қазақстандық астық түрі ретінде шетелге заңсыз экспорттаған 3 кәсіпкер тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, кәсіпорын иесі қылмыстық құқық бұзушылықты жасау үшін компания қызметкерлерімен бірге қылмыстық топ құрған.ҚК-нің 262-бабы кәсіпкерлерді қамауға алуға негіз болған.

«ҚК-нің 262-бабы адам үшін ауыр зардаптарға әкеп соғады. Жазаның жалғыз түрі – бас бостандығынан айыру, шартты түрде соттауды болдырмайды. Біз ҰҚТ деген күдік негізсіз тағылған деп санаймыз, өйткені бұл үшін жоғары ұйымшылдық пен тұрақтылық түріндегі бірқатар белгілер болуы тиіс. Басшылық пен бағынысты жұмысшылар арасындағы жұмыс қатынастарын өздігінен  қылмыстық топ құру және оған қатысу деп тануға болмайды», – деді Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің аға прокуроры Данияр Ахимбеков.

Осыған байланысты қадағалаушы прокурор құқық бұзушылық құрамы белгілерінің болмауына байланысты Қылмыстық кодекстің 262-бабы бойынша 3 адамды қылмыстық қудалауды тоқтатты. Нәтижесінде күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды.

Бас прокуратура мемлекет мүддесі үшін мүліктік залал келтіру фактісі бойынша тергеп-тексеру жалғасып жатқанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары