$ 443.37  474.49  4.83

«Вакцина, заманауи хирургия»: Медицина саласындағы мамандардың ғылыми жетістіктері

Қайсар Табынов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген COVID-19 індетіне қарсы NARUVAX C-19 вакцинасын жасап шығарды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс – қимыл уақыты» атты Жолдауында озық ғылыми технологияларды трансферттеу мақсатында жыл сайын 500 ғалымның әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Халықаралық бағдарламалар орталығы жүзеге асырылған 30 жыл ішінде 12 мыңға жуық қазақстандық шетелде оқып келді. 

Стипендиаттар әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алып, бүгінде отандастарына пайдасын тигізіп, ел дамуына үлес қосып жатыр. Тәжірибе алып, отандық ғылымның дамуына атсалысып жүрген қазақстандық ғалымдардың жетістіктері мен жаңалықтары жайлы Skifnews.kz ақпарат порталы арнайы материал дайындады. 

Медицина саласы еліміздің күн тәртібінде өзектілігін жоғалтқан емес. Сонықтан болар, медицина саласынды оқимын деген студенттер үшін де, шетелде тәжірибе жинақтаймын дейтін үміткерлерге де грант саны жыл артпаса кеміген емес. 

Бүгінде стипендиат атанған қазақстандық дәрігерлер «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелдік жетекші жоғары оқу орындар мен клиникаларда тағылымдамадан өтіп, заманауи медициналық технологияларды пайдалана отыра, күрделі кардиохирургиялық және нейрохирургиялық операцияларды жүргізуге мүмкіндік алып отыр. Дәрі-дәрмек пен ауыр сырқаттарды емдеудің жаңа әдістерін ойлап тапқан жас ғалымдар да пайда болды.

Мәселен, ҚазҰАЗУ халықаралық вакцинология орталығының директоры, профессор, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Қайсар Табынов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген COVID-19 індетіне қарсы NARUVAX C-19 вакцинасын жасап шығарды.
Бағдарламаның тағы бір түлегі, «Орталық клиникалық аурухана» АҚ нейрохирургі, бірінші санаттағы дәрігер Марат Саршаев ми тамырларына 3000-нан астам эндоваскулярлық және микронейрохирургиялық оталар жасады. 

ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасы директорының орынбасары, нейрохируг Мыңжылқы Бердіқожаев ми тамырларына 4000-нан астам оталар жасап, Қазақстандағы тұңғыш механикалық тромбэктомия жасады.  
«Болашақ» бағдарламасының дәрігер түлектері еліміздің барлық өңірлерінде, соның ішінде ауылдық жерлерде де еңбек етіп жүр.

Мысалға, оташы дәрігер Марат Бердімұратов «Болашақ» бағдарламасымен Оңтүстік Кореяда ғылыми тағылымдамадан өтіп, Ақкөл аудандық ауруханасына оралды. Онда ол шетелде алған білімі арқасында лапароскопия әдісін пайдаланып, заманауи хирургиялық операциялар жасайды. 

Онколог Бағдат Нұрмағанбетов Израильде бір жылдық тағылымдамадан өтіп, қазір Қарағанды облысының Ақтоғай аудандық ауруханасында жұмыс істейді. Ауылдық ауруханада Бағдат онкологиялық ауруларды алдын алуды, ісіктерді алып тастаудың миниинвазивтік хирургиялық оталарын, химиотерапиялық емдеу шараларын жүзеге асырады.

Сонымен бірге, білім саласы үшін «Болашақ» бағдарламасы бойынша 900-ден астам маман даярланды. Олардың басым көпшілігі бастауыш, орта, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында және білім беру орталықтарында, соның ішінде ауылдық жерлерде де жұмыс істейді. 

Мысалы, Гүлім Батырғалиева ауыл мектебінде ағылшын тілін үйретеді. Қазіргі таңда Гүлім Ақмола облысының  Шортанды ауданында 6 сыныпта 80-нен астам оқушыға ағылшын тілін үйретеді.

«Болашақ» бағдарламасының арқасында Әбділда Шәменов пен Нұрбек Еңсебаев технологиялық инновациялар саласындағы ең батыл идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Олардың «SEZUAL» атты жобасы нашар көретін және зағип жандарға осы әлемді көруге мүмкіндік берді.   

Сонымен қатар стипендия түлектері «Астана» халықаралық қаржы орталығы, бірқатар Ұлттық медициналық орталықтары, AstanaHub, Astana IT университеті сынды стратегиялық маңызы бар жобаларды, сондай-ақ көптеген мұнай-газ кен орындарын іске қосуда шешуші рөл атқарды.

Бағдарлама стипендиаттары денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару саласына, адами капиталды дамытуға, инновацияларды енгізу және бизнес-процестерді оңтайландыруға, мәдениет пен өнерді ілгерілетуге, сондай-ақ мемлекеттік бастамаларды іске асыруға қомақты үлес қосып келе жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары