26 ақпан күні Екібастұз қаласындағы ЖШС бірінің 59 жастағы қызметкері К-700 доңғалақты тракторды басқара отырып, разрез аумағының ішіне түсу кезінде аударылған, деп хабарлады Полиция.кз.
Дене жарақаттарының салдарынан қызметкер оқиға орнында қайтыс болды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізіліп жатыр.
Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.