$ 494.87  520.65  4.91

Өскемендегі балабақшалардың бірінде бүлдіршін баспалдақтан құлап кеткен

Әлеуметтік желіде баланың аяғында бахила болған деген ақпарат тарап жатыр.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Өскемендегі балабақшалардың бірінде бүлдіршін баспалдақтан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy altaynews-ке сілтеме жасап.

Облыс орталығындағы мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелердің бірінде балабақша тәрбиеленушісі баспалдақтан құлап, жарақат алған.

Оқиға баланы ата-анасына тапсырғаннан кейін болған.

«Әлеуметтік желіде баланың аяғында бахила болған деген ақпарат тарап жатыр. Ол – жалған ақпарат. Жағдай баланы ата-анасына тапсырғаннан кейін орын алған», - дейді Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары