$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде ауыл тұрғындарының саны азайып бара жатыр

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл –  ел халқының 38,2%-ын құрайды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қазіргі уақытта еліміздің ауылдарында 7,5 миллионнан астам адам тұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл –  ел халқының 38,2%-ы.

Урбанизация қарқынына байланысты соңғы жылдары ауыл халқының үлесі азайып келеді. Егер 2022 жылдың басында ауылдардағы халық саны 7 728 176 адамды құраса, 2023 жылдың басында бұл көрсеткіш 7 556 745 болды. Оның ішінде 3 832 903 – ерлер, 3 723 842-әйелдер.

Ауыл тұрғындарының саны жағынан Түркістан облысы алда, ондағы ауылдықтар саны – 1 599 909 адам. Екінші орында Алматы облысы – 1 262 161 адам, үшінші орында Жамбыл облысы – 691 179 адам. Одан кейін Қызылорда облысы – 442 423 және Маңғыстау облысы – 420 052. Ауыл тұрғындарының саны Ұлытау облысында ең аз, онда облыс халқының 21%, яғни 46 328 адам тұрады.

Облыс халқының жалпы үлесінде ауылдықтар саны басым 7 өңір: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Жетісу облыстары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары