$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл - ескерту»: Нумеролог наурыз айына болжам жасады

Тұрғын үй мәселесі бойынша жаңалықтар болып қалады.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Алда болатын сайлауға қатысты нумеролог маман "әділ өтеді" деген болжамын айтты.

Caravan.kz тілшісі сандар ғылымының маманы Құралай Бақыттан наурыз айы қалай өтетіндігі жайында сұраған еді.

"Бұл айда халық талапшыл болады. Алдыда келе жатқан сайлаудың күні жақсы таңдалған. Бәрі әділетті өтеді деген ойдамын. Зейнетақы жағынан елімізде өзгерістер болуы мүмкін. Тұрғын үй мәселесі бойынша жаңалықтар болып қалады. 

Бірнеше елдің президенттеріне ауыр ай. Саясатта көп өзгеріс болады. 

Наурыз айының соңында су апаттарының алдын алу үшін көп іс-шара жасалу тиіс. Бұл - ескерту. Өйткені, биылғы жылдың су стихиясы өзін көрсетеді. 

Бұл айда қызыл, сары қызыл түстер бізге гармония, сәттілік әкеледі. Бұл айда адамдар позитивте болады. Өткен ай бізде депрессия айы болды. Осы айда табиғат оянғандай, адамдардың көбі оянады. Энергиялары көтеріледі. Бұл ай өте сәтті ай!", - дейді маман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары