$ 441.58  480  4.86

Орал көшелерін су басты

ТЖД өкілдері су тасқыны кезеңінің өтуіне бақылау жүргізілетінін атап өтті.
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

2023 жылғы 28 ақпан 16.00-ден 23.00-ге дейін +2 температура режимінде қардың қарқынды еруі салдарынан Орал қаласы мен Бөрлі ауданының Ақсай қаласы орталығының көшелері мен тұрғын үй аулаларын еріген қар суы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күшімен еріген қар суын бұру және сору жұмыстары жүргізілді.

"Көшелер мен аула аумақтарынан барлығы 933 текше метр су сорылып, 5100 текше метр қар шығарылды", дейді БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Барлық жедел ақпаратты облыстың ТЖД жедел су тасқынына қарсы штабы және Орал қаласы мен аудандардың әкімдіктері өңдейді.

ТЖД өкілдері су тасқыны кезеңінің өтуіне бақылау жүргізілетінін атап өтті.

Көшелер мен аула аумақтарында Төтенше жағдайлар департаментінен 11 қызметкер, 2 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 25 адам және ЖАО 23 бірлік техникасы жұмыс атқарды.

Орал, қар, ҚР ТЖМ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Су басу #Орал