Қазгидромет 2 наурызда болатын ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik.kz.
Синоптиктердің болжамынша, атлантикалық циклон жырасының әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ күтіледі.
Еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында – жаяу бұрқасын күтіледі. Тек республиканың оңтүстік-шығысында атмосфералық жоғары қысым аумағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
Қазақстан бойынша желдің күшеюі, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі.