$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде жастарға арналған жеңілдетілген несие беріледі бастады

Олардың жасы 21-ден 35-ке дейін, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы тиіс.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Елімізде жастарға арналған жеңілдетілген несие беріледі бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.

5 жыл мерзімге жылдық мөлшерлемесі 2,5% болатын несиені облыстық/республикалық маңызы бар қалада/астанада, моноқалада, шағын қалада, ауылды елді мекенде тұратын жастар ала алады. Олардың жасы 21-ден 35-ке дейін, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы тиіс.

Осы мақсаттарға 2023 жылға 29 млрд теңге қарастырылған. Осы қаражат есебінен 5,8 мың жас адамға жеңілдігі бар кредит беру жоспарланған. Бұлардан бөлек грант беру құралдары жасалмақ.

Бұл кредиттерді «Аграрлық кредиттік корпорациясы арқылы алуға болады.

Несие мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 (жеті) жылғы дейін; басқа бағыттар үшін - 5 (бес) жылға дейін; көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстары үшін – 3 (үш) жылға дейін; айналым қаражатын толтыру үшін (несиенің бір бөлігі) – 2 (екі) жылға дейін беріледі.

Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.

Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Ол ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.

Өтінім беру үшін құжаттар пакетін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына тапсыру қажет.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. жеке басын куәландыратын құжат;

2. жоба бойынша бизнес-жоспар;

3. шоттың болуы туралы қызмет көрсететін банктен анықтама;

4. кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (кредиттер болған кезде);

5. қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме) болған кезде;

6. кепілді қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлікті бағалау туралы есеп;

7. кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.

Микрокредиттер төменде көрсетілген тізімдегілерді қоспағанда:

- тұрғын жылжымайтын мүлікті (оның ішінде малшылар үшін уақытша/тұрақты тұрғын үйлерді) сатып алу, салу немесе жөндеу, жер учаскелерін сатып алу (кез келген нысаналы мақсатпен);

- бағалы қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар);

- қаруды (оның ішінде қару өндіруге арналған құрамдас бөліктерді), құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті өндіру немесе сатып алу;

- ойын бизнесін ұйымдастыру және (немесе) дамыту;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған террористік және кез келген өзге де қызметке байланысты қызмет;

- моторлы көлік құралдарын шығаруды және өз өндірісіндегі жүзімнен шарап өндіруді, сондай-ақ темекі және/немесе алкоголь өнімдерін сатып алуды көздейтін жобалар, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығару;

- кредиторлық берешекті өтеу;

- бизнесті жүргізуге байланысты емес жеке тұтынушылық мақсаттардан басқа кез келген мақсатқа беріледі.

Микрокредиттер арнайы комиссияның шешімі негізінде беріледі, оның отырыстарында үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын таныстырады.

Осылайша, микрокредит беру туралы шешім комиссиялық және нақты іс-қимыл жоспарымен өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, қоғамдық маңызы бар, өміршең болуы тиіс жобаның пысықталуын бағалаудың нақты критерийлері негізінде қабылданады.

Қазіргі уақытта микрокредиттер алуға өтінімдер мынадай өңірлерде: Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарында және Астана қаласында қабылданады. Қалған өңірлерде өтінімдерді қабылдау жақын арада басталады.

Кепілдік ретінде жылжымайтын мүлік пен арнайы техника қойылады.

Сонымен қатар негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі. Оның ұзақтығы микрокедит мерзімінің үштен бірінен аспауы керек.

Жеңілдетілген несие алуға қажетті құжаттардың толық тізімін мына жерден көруге болады.

Еске салсақ, 1 наурыздан бастап Қазақстанда жастар саясаты жөніндегі заң күшіне енді. Бұл заңға сәйкес кешеден бастап Қазақстанда жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары