02.03.2023, 12:20

«Дәл кинодағыдай болып жатқанды көрмек түгілі, естімедім де»: Ахметбек Нұрсила «Бақыт» фильмін сынады

Коллаж: Caravan.kz
Ал әйелі бөтен еркекпен курорттатып жүргенін білген, ұстап алған еркектің оны пышақтағанын "аффект" жағдай деп түсінуге болады.

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Баян Алагөзова продюсерлік еткен "Бақыт" фильміндегідей ұрып-соғу жоқ екенін алға тартты.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бәрі жазып жатқан соң "Бақытқа" бардым.

Осы жасыма дейін дәл сондай жағдайды айналамнан: дос-жаран, кластас, ауылдас, туыстардың арасынан көрмедім де, естімедім де... Бұрын болса, болған шығар, бірақ шынымды айтамын, дәл кинодағыдай болып жатқанан көрмек түгілі естімеппін.

Қазіргі жастардың 80-90% әйелдерін ұрмақ тұрмақ, бетіне қарап сөз айта алмайды.

Керісінше ер азаматтар қазір таяқ жемегені болмаса, көбі "түрмеде" өмір сүріп жатыр. Деспот әйелінің кесірінен ағайын туғанымен араласа алмайтын, бас бостандығы жоқ, бишара ерекетердің жүзін білемін.

Ал әйелі бөтен еркекпен курорттатып жүргенін білген, ұстап алған еркектің оны пышақтағанын "аффект" жағдай деп түсінуге болады. Әрине онысы дұрыс емес, бірақ еркекте "миндалевидное тело" деген бар мидың ішінде, ол оянып кеткенде еркек не істеп, не қойғанын білмей қалады, адами миы өшіп қалады", - деп жазды Ахметбек Нұрсила.