$ 441.58  480  4.86

Атырауда 16 жастағы жасөспірім биіктен құлап мерт болды

Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Атырауда 16 жастағы жасөспірім көпқабатты үйден құлап көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысы полиция департаменті қайғылы оқиға 2 наурызда сағат 23:30 шамасында болғанын хабарлады.

«16 жастағы жасөспірім Алмагүл ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен биіктен құлап қайтыс болды», - делінген ақпаратта. 

Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Атырау