$ 442.05  474.14  4.74

Алты аяқты ерекше қозы дүниеге келді

Ветеринарлардың тексергеннен кейін Доллидің денсаулығында басқа ақау жоқ екені белгілі болды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Германиядағы фермалардың бірінде ерекше алты аяқты қозы дүниеге келді,- деп хабарлайды Massaget.kz.

Қозының есімі Долли екен. Оған ағашында орнынан тұрып тамақ ішу қиынға соққан. Қозының жүруіне оңай болмуы үшін оның бір аяғы бинтпен таңылған. Дене кемістігіне байланысты қой төліне назар аудармай ма деген қорқыныш болған. Ветеринарлардың тексергеннен кейін Доллидің денсаулығында басқа ақау жоқ екені белгілі болды. Мамандар қозының артық аяғымен не істеу керегін әлі шешпеген.

"Екі аяғын кесіп тастасақ дұрыс болар. Бірақ ол операциядан кейін де дами ала ма, жоқ па - белгісіз. Бірақ қалай болғанда да Доллидің қалыпты қой өмір сүрсе екен дейміз", - дейді фермер Бернхард Тинтер.

Мамандардың айтуынша, қозы жәндіктер тарататын Шмалленберг вирусы салдарынан алты аяқты болып туған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қозы