$ 444.14  477.05  4.85

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Отандасымыз турнирде 17 жасқа дейінгілер арасында үздік атанды.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев Португалияның Вила-Реал қаласында өткен WTT Youth Contender жарысында бірінші орын жеңіп алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Отандасымыз турнирде 17 жасқа дейінгілер арасында үздік атанды.

16 жастағы спортшы жарыс аясында испаниялық Франческа Каррераны, колумбиялық Хуан Рамиресті, франциялық Ной Вительді, Пуэрто-Рико өкілі Энрике Риосты, чехиялық Мартин Сипті жеңді. Сондай-ақ тағы бір испаниялық Даниэль Берзосадан, румыниялық Драгош Бужораны жеңген. 

Жарыс қорытындысы бойынша Алан Құрманғалиев алтын медаль иеленді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары