$ 494.87  520.65  4.91

Екібастұз жылу электр орталығына 2,7 млн ​​теңге айыппұл салынды

Тексеріс кезінде бұзылған және мерзімі өтіп кеткен құрал-жабдықтарды пайдалану фактілері анықталды.
Фото: © instagram/ete_ekb
Фото: © instagram/ete_ekb

Сауда және интеграция министрлігінің техникалық реттеу комитеті Екібастұз жылу электр орталығында жүргізілген тексерістің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тексеріс кезінде бұзылған және мерзімі өтіп кеткен құрал-жабдықтарды пайдалану фактілері анықталды.
"Атап айтқанда, салыстырып тексеру аралығы бұзылғаны және салыстырып тексеру мерзімі өткен өлшеу құралдары қолданылғаны анықталды. Соның ішінде техникалық манометрлер, қысым түрлендіргіштері, вольтамперфазометр мен мегаомметр сияқты құралдар бар", - дейді мамандар.
Осылайша, жылу электр станциясында "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" заң бұзылған. Ол үшін 5 520 000 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.
ЖЭС басшылығы заң бұзушылық жасағанын мойындады. Оған жеті тәулік ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 2 760 000 теңгені төлеуге рұқсат берілді. Әкімшілік айыппұл толық көлемде төленді.
Бұдан бөлек, комитеттің жергілікті департаменті Екібастұз ЖЭО-на қатысты заңды бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы хат жолданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары