$ 494.87  520.65  4.91

Тоғыз облыста жолдар жабылды

Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына 400 бірлік арнайы техника мен 500 адам жұмылдырылды.
© Photo : Pixabay
© Photo : Pixabay

Қазақстанның тоғыз өңірінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".

"3 наурыз сағат 19:00 ақпаратқа сәйкес еліміздің 9 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 18 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді", - делінген компанияның хабарламасында.

Атап айтқанда, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Павлодар өңірлерінде республикалық тасжолдар жабылды.

Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына 400 бірлік арнайы техника мен 500 адам жұмылдырылды.

Жабық учаскелердің жалпы ұзындығы 1236 шақырымды құрайды. Бұл республикалық жолдар желісінің шамамен 5%-ы.

Компания күн райы жақсарғанша алыс сапарға, жабық тасжол учаскелеріне шықпауға шақырды. Оқыс жағдай болғанда 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары