Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына таяу күндері көшкін қауіпіне байланысты тауға шықпауға кеңес береді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"ТЖД көшкін қаупі туралы № 5 дауылды ескерту негізінде: 5-7 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні болуы мүмкін.
Осыған байланысты қар көшкінін туғызбау үшін қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, тауға шығудан бас тартқан дұрыс", - деді ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.
Бұл күндері дауыл туралы ескерту жарияланды.