Абай облысының Көкпекті ауданында бойы 2 метрден асатын ер адам тұрады. 47 жастағы азамат бойының ұзындығы өмірде де жұмыста да көп септігін тигізетінін айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тек киім таңдауда аздаған қиындық болады, - дейді Станислав Вишняков. оЛ аудан орталығы Көкпекті ауылында тұрады. Осындағы сорғы стансасында 25 жылдан бері машинист болып жұмыс істейді.
Станиславтың бойы 10-сыныптан кейін өсе бастапты. Ол кезде 197 сантиметр болған екен. Ал 37 жасында бойының ұзындығы 2 метр, 8 сантиметрге жетіпті.
Бірақ жыл өткен сайын шөге бастайды екенсің. Қазір бойым - 2 метр, 2 сантиметр, салмағым – 125 келі, аяқ-киім өлшемі – 47 сантиметр. Бойдың ұзын болғаны жақсы ғой. Көшеде арулар сүйсіне қарайды. Көкпектіде маған шақ келетін киім жоқ болғандықтан Семей мен Өскеменге арнайы барамын. Жұрттың бәрі маған таңдана қарап, суретке түсіп жатады, - дейді Станислав Вишняков.