$ 445.66  474.58  4.78

Шымкенттегі саяжай тұрғындары әліге дейін ауыз суға жарымай келеді

Шымкентте Қайнар бұлақ саяжайының тұрғындары ауыз судан қиындық көріп келеді. Қала аумағына енгеніне 10 жылдан асса да тұрғын алабының халқы суды тасып ішуге мәжбүр. Бір қызығы, бұл елдімекенде су құбырлары тартылып, үйлердің барлығы дерлік су жүйесіне қосылған. Алайда, тұрғындар әлі күнге ауыз суға жарымай отыр деп жазады Otyrar.kz.

Мұндағы жұрт қазір суды арнайы орыннан сатып алып ішуге мәжбүр. Жалпы, су саяжайға бір жыл бұрын келген. Құбырлар үйді-үйге кіргізіліп, тұрғындар екі апта ауыз су ішіп те үлгеріпті. Алайда, қуанышымыз ұзаққа созылмады дейді олар. Тіпті, су есептегішімзге қалдырмай кесіп кетті деп ашынды.

Айжан Әбдешова, саяжай тұрғыны:
- Құжаттарымызды жинап өткізген соң былтыр қыркүйек айында суды қосты. Қуанып қалып едік, тіпті, кір жуғыш техникасында сатып алып едік. Бір апта өтпей суды өшіріп қойды. Хабарлассақ, ертең-арғы күні деп әлі күнге созып келеді. Су өшкен соң көп ұзамай құлыптаулы тұрған су жәшігін ашып, ішіндегі есептеуіш құралдарын кесіп әкетіпті. Міне. содан бері қайтадан суды тасып ішіп отырмыз.

Ал жауаптылардың айтуынша, кезінде тиісті жұмыстар жүргізіліп, ауылды ауыз сумен қамту жұмыстары қолға алынған. Бірақ, барлау жұмыстарын тиянақты тындырмаған мердігердің кесірінен бұл елдімекен сусыз отыр дейді мамандар. Ал су есептегіш құралдарын тұрғындардың өздері ұрлатып отыр деген су таратушылар енді халық құралды өз есебінен орнатпаса су жақын күндері қосылмайтынын ашық айтты.

Бидайық Омаров, дилерлік учаске басшысы:
- Су осыдан екі жыл бұрын берілуі тиіс еді. Бірақ әртүрлі себептермен осы күнге дейін созылып келді. Қайнар саяжайының көлемі үлкен болғандықтан, су жүйеге толып жатыр. Қазір «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің суға қатысты бөлімі мен жол құрылыс сервисі келісімге келіп, су берілді. Енді жүйеге су толса, барлығы сумен қамтылады.

Десе де бұл елдімекенге жауаптылардың әу бастан-ақ немқұрайлылық танытқансекілді. Жұмысшылардың салғыртығынан кейбір көшелерде су есептегіш құралдары мен құбырлар төселген тасжолдың астында қалып қойған. Енді барлау жұмыстары қаралып су берілген жағдайда жаңа салынған тегіс жолды қайта қопаруға тура келеді. Ал әзірге атқамінерлер алдағы уақытта судың берілетінін айтып сендіруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары