$ 498.55  524.28  4.75

Петропавл тұрғыны тастап кеткен қарт анасына алимент төлейтін болды

Ұлын сотқа берген зейнеткер сотта ақыры жеңіп шығып, ай сайын 7 мың теңге төлемге қол жеткізіп отыр. Кәмия Мұқашева алғашында баласы Марбұланнан 20 мың теңгеден аса алимент талап еткен. Бірақ тараптарды тыңдаған сот, алимент көлемін үш есе қысқартыпты деп жазады КТК.

Баласын сотқа берген ана туралы өткен айда айтылған болатын. Жанжалдың басталуына отбасындағы кикілжің себеп. Он бала туса да, қартайғанда жалғыз қалған Кәмия Мұқашева 60 мың зейнетақы ас суыма жетпейді деп ортаншы ұлынан алимент талап еткен еді. Анасынан бас тартқан Марбұлан болса, «бала кезімде дұрыс бақпады» деп, ақша төлеуден ат -тонын алып қашқан-ды. Енді туыстардың дауына сот нүкте қойды. Ал Кәмия әжей, аз да болса, 7 мың тұрмысыма сеп болар деп отыр.

Кәмия Мұқашева, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Сот болғасын оның шешіміне көндік, жарайды. Ойлағам 22-25 мың теңге бола ма деп. Пәтерақыны төлеп тамақ алам. Жасыратыны жоқ, ет жоқ, ет қымбат. Нан, сүтке, шайға жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары