$ 447.4  477.55  4.76

«Бәрі арзан» деген Шымкентте азық-түліктің бірнеше түрі ең қымбат бағада сатылады

Әдетте, «өмір сүруге қолайлы», «тамақтың бәрі арзан» дейтін Шымкент қаласы кейбір азық-түлік бағасы жағынан Алматымен иық тіресіп, бұл тұрғыда елдегі ең қымбат қалалардың біріне айналып шыға келді. ҚазТАГ ақпараттық агенттігі жүргізген мониторингтен осыны аңғаруға болады.

Мәселен, елдегі ең қымбат жұмыртқалар Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында сатылады екен, оның 10 данасы 370 теңге тұрады. Сондай-ақ, ұнның бір келісі – 320 теңге, картоптың бір келісі – 130 теңге. Қазақстанның өзге қалаларында бағалар бұдан сәл арзанырақ деп жазады агенттік тілшілері.

Ал, Алматыда қара құмық бағасы шарықтап тұр, оның бір келісі 550 теңге тұрады. Сондай-ақ, ең қымбат күріш (350 теңге) пен қой еті (1600 теңге) де осы Алматыда сатылады.

Ең қымбат күнбағыс майын астаналықтар сатып алады екен, Оның бір литрі 593 теңгені құрап отыр. Ал, ең арзаны Семейде – 361 теңге.

Сиыр етінің қымбаты Оралда – келісі 1675 теңге, құс етінің қымбаты Өскеменде – келісі 1225 теңге.

Пияздың бағасы Қарағандыда бір келісі үшін 41 теңгені құраса, Қостанайда – 109 теңге. Петропавлда 1 литр сүт – 177 теңге, ал Оралда – 308 теңге.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары