$ 444.22  476.38  4.82

Шымкенттік полицейдің әрекеті жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

Шымкентте ақсақалдың жүріп-тұруына көмектескен полиция қызмектерінің әрекеті интернет пайдаланушыларын тәнті етті. Otyrar.kz порталында жарияланған видеороликті талқылап жатқан қазақстандықтардың саны артуда.

Қалың қар үстімен қозғалуы қиындаған қарияның мүгедектерге арналған қоларбасын полицей көтеріп жолдың тазаланған бөлігіне шығарып берген. Кейін ақсақалды сол қоларбаға отырғызып, итеріп алып кетті. Мұның бәрін сол жол бойымен қозғалып бара жатқан куәгер бейнекамераға түсіріп алған.

Айта кетейік, былтыр да мүгедек жанды сүйемелдеп, көпірден өткізіп жіберген шымкенттік полицей туралы видеоролик Қазнетте ұзақ талқыланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео