$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте ер азамат өзін пышақтап өлтірмек болды (ВИДЕО)

Шымкентте ер азамат өзін пышақтап өлтірмек болды деп жазады NewTimes.kz. Оны көршілері жалынып жүріп әзер тоқтатқан. Ал, бұл сәтті куәгерлердің бірі камераға түсіріп, видеороликті әлеуметтік желілер арқылы таратып жіберген.

Бейнероликте полиция қызметкерінің де бар екені көзге анық көрініп тұр. Алайда, ол жанкешті ер азаматты тоқтатудың орнына телефонмен сөйлесіп тұр. Тек, көршілері пышақты тастауға көндіргеннен кейін ғана тәртіп сақшысы өлмек болған адамды желкесінен ұстап алып кетті.

«Полиция қашан инструкция бойынша жұмыс істейді? Егер өзіне қол жұмасамақшы болса келіссөз жүргізетін маманды шақыруы керек. Қазақстан дамыған елдердің қатарына қосыла алады ма, әлде өзін өлтірмекші болған адамдарды осындай балағат сөздер айтып тоқтатып жүре бере ме?», ― дейді оқиғаға байланысты пікір білдірген тұрғындардың бірі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары