$ 498.34  519.72  4.85

Жанармай бағасының қымбаттығы жағынан Қазақстан әлемде көш бастайды

Қазақстандық шенеуніктер елдегі жанармай бағасын әлемдік бағалармен салыстырып, оның ең арзан жанармай екенін жиі айтады. Егер доллармен есептесек, расымен де солай. Ал, халықтың жан басына шаққандағы табысымен есептегенде біз әлемдегі ең қымбат бензинді сатып отырған елге айналып шыға келеміз. Тәуелсіз сарапшылар осылай дейді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қазақстанда жанармай бағасы үш рет қымбаттады. Ақпан айының өзінде жанармай бекеттері таблодағы баға көрсеткішін екі рет алмастырған болатын.

Елдегі тәуелсіз сарапшылар бензин қымбаттауын еш негізсіз деп есептейді. Ақпанда екі рет қымбаттаған АИ-92-нің бағасы наурызда тағы 3 теңгеге көтерілді. АИ-95 пен АИ-96 болса 152-ден 155 теңгеге дейін шарықтап отыр.

«Біздің бағаларымыз Ресейдегі бағаларды үнемі қуып отырады. Біздің шенеуніктеріміз де әлемдегі ең арзан жанармай Қазақстанда екенін айтудан шаршаған емес. Бірақ, олай емес. Егер бензин литрінің бағасын долларға шақсақ иә, арзан болады. Бірақ, бұл бағаны Қазақстандағы орташа жалақымен салыстырсақ әлемдегі ең қымбат жанармай біздің елде болып шығады», — дейді сарапшы Сергей Смирнов.

Ал, бағаның өсуіне себеп — Қазақстанның Ресей нарығына тәуелділігі.

«Біздің нарығымыздың үштен бір бөлігі Ресейге тәуелді. Ал, Ресейде жанармай бағасының қымбат екені белгілі. Бірақ, оларда бағаны қалыптастыру бізден өзгеше. Мәселен, бізде жанармай бағасының 60 пайызы — шикізат, 15 пайызы — салықтан тұрса, Ресейде, тек 6 пайызы ғана шикізет, 60 пайызы салықтан құралады. Яғни, Ресейде жанармай ақшасының 60 пайызы бюджетке түссе, Қазақстанда 60 пайыз жанармай сататын кәсіпкерлердің қалтасына түседі», — дейді Смирнов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары