Елімізде соңғы бір жылда коньяк өндірісі - 78 пайызға, ликер өнімдерінің өндірісі - 55 пайызға, сыра - 39 пайызға, арақ - 15 пайызға және шарап өндірісі 14 пайызға жоғарылаған. Тек минералды сусын өндірісі 5 пайызға төмендеп отыр. Бұл туралы finprom.kz порталы мәлімдеп отыр.
Сондай-ақ, соңғы жыл көлемінде арақ 15 пайызға және ауыз су 7 пайызға қымбаттаған.
Биыл қаңтар-ақпан айларында елімізде барлығы 31,8 млрд теңгенің сусындары өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,8 пайызға жоғары.
2016 жылы алкогольді өнім өндірушілер халықтың араққа деген сұранысының 87,5 пайызын өтей алған. Өндірілген өнімнің 99,4 пайызы ішкі нарықта сатылыпты. Сонымен қатар, елімізде шығарылған шарап түрлерінің 97,9 пайызын қазақстандықтардың өздері тұтынған екен. Ал, Қазақстанда жасалған сыраның 70,9 пайызы ішкі нарықта, 29,1 пайызы экспортқа шығарылып сатылған.