29 наурызда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін «Астана» концерт залында (бұрынғы Конгресс Холл) Астана жаңа темір жол вокзалдық кешенінің ашылуына орайластырылған бос жұмыс орныдар жәрмеңкесі өтеді.
Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтында хабарланған.
Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, жәрмеңкеде 60-ге жуық елордалық жұмыс берушілер өздерінің 200 ден астам бос жұмыс орындарын ұсынбақ.
Айта кетейік, бұған дейін жаңа теміржол вокзалы биыл мамыр айында ашылады деп хабарланған болатын. Ашылу салтанаты ЭКСПО-2017 көрмесіне орайластырылмақ.