$ 494.87  520.65  4.91

«Ұлттық қор – балаларға»: Балаңыз төлем алуы үшін не істеу керек?

Барлық баланың нысаналы жинақтау шоттары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында болады.

Фото: taulik.kz
Фото: taulik.kz

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2006 жылы және одан кейін туған балалардың ата-аналары, қорғаншылық, қамқоршылық тағайындалған балалардың заңды өкілдері бағдарламаға қатысу үшін мынаны жасауы қажет:

  • Баланың жеке басын куәландыратын құжатын, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуы тиіс;
  • БЖЗҚ, Электронды үкімет порталдарында баланың деректемелерінің бар-жоғын және дұрыстығын, кәмелетке толмаған баланың толық аты-жөні, туған күні, ЖСН, азаматтығы дұрыс жазылғанын тексеру керек;
  • Электронды үкімет веб-порталындағы Жеке кабинетінің «Балалар туралы мәліметтер» бөлімінде өзінің балалары туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеруі тиіс.

Барлық баланың нысаналы жинақтау шоттары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында болады.

Қаражат АҚШ долларымен жинақталады.

  • Бала 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражатты екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және білім алуға ақы төлеу үшін пайдалануға болады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары