Барлық баланың нысаналы жинақтау шоттары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында болады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
2006 жылы және одан кейін туған балалардың ата-аналары, қорғаншылық, қамқоршылық тағайындалған балалардың заңды өкілдері бағдарламаға қатысу үшін мынаны жасауы қажет:
Баланың жеке басын куәландыратын құжатын, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуы тиіс; БЖЗҚ, Электронды үкімет порталдарында баланың деректемелерінің бар-жоғын және дұрыстығын, кәмелетке толмаған баланың толық аты-жөні, туған күні, ЖСН, азаматтығы дұрыс жазылғанын тексеру керек; Электронды үкімет веб-порталындағы Жеке кабинетінің «Балалар туралы мәліметтер» бөлімінде өзінің балалары туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеруі тиіс.Барлық баланың нысаналы жинақтау шоттары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында болады.
Қаражат АҚШ долларымен жинақталады.
Бала 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражатты екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және білім алуға ақы төлеу үшін пайдалануға болады.