$ 444.14  477.05  4.85

Құдалар неліктен күлкіге қалған?

Қыз-келіншекте отырыста желінген сүйектерді ер-тоқымдарына  іліп және үзеңгілерді байлап тастаған.

Фото: Дудин С.М. Қазақстан. 1899 жыл
Фото: Дудин С.М. Қазақстан. 1899 жыл

«Құда қайтар» салты туралы естіп пе едіңіз? Естімесеңіз, әзіл-қалжыңға құрылған «Құда қайтар» салты туралы Skifnews.kz ақпарат порталы қызықты мәлімет әзірледі.

Бұрын құдалық екі-үш күнге созылған. Құдалар қайтатын күні жігіттің әке-шешесі үйіне алдырып, төрге шығарып, жасына қарай отырғызып, қымыз бен шай берген. Осы кезде кіші құда бір шыныаяқты ұрлап алуға тиіс болған. Ал әйелдер болса, оны болдырмауға тырысып бақылап отырған. Себебі құдалар ауылдарына шыныаяқсыз оралса, өз ауылындағы әйелдердің күлкісіне ұшырап мазақ болған.

Тамақ ішіп болған соң бас құданың айтуымен қонақтардың туыстық дәрежесі мен маңыздылығына қарай киім таратқан. Сыйлықтарды алғаннан кейін қонақтар  үйден шыққан. Осы кезде қыз-келіншектер олардың аттарының жал-құйрықтары мен ер-тоқымдарына отырыста желінген сүйектерді іліп және үзеңгілерді байлап тастаған. Атқа міне алмаған құдалар күлкіге  қалған. Сосын әйелдер оларға барлығын қалпына келтіруге көмектесіп, күтетін жақ шығарып салған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары