$ 494.87  520.65  4.91

«Мойын тастар» салтын білесіз бе?

Кімнің аяғын кім басса, үйде сол қожа болады деп сенген.

Фото: әлеуметтік желіден алынды
Фото: әлеуметтік желіден алынды

Қазақ халқында «Түтіні түзу шықсын» деген ырыммен той өткеннен соң күйеу балаға өзі мұжыған мойын омыртқаны шаңырақтан лақтырту салты (дəстүрі) бар. Skifnews.kz ақпарат порталы бұл жолы ұмытыла бастаған «Мойын тастар» салты туралы мәлімет әзірледі.

Күйеу жігіт босағаны табалдырықтан оң аяқпен аттап кіріп, аяғымен сол жақ қапталды тепкен. Бұл «әйелі күйеуіне бағынышты болсын» деген ырым. Үйге кіргеннен кейін күйеу жігіт пен қалыңдық бір-бірінің аяғын басуға әрекеттенген. Кімнің аяғын кім басса, үйде сол қожа болады деп сенген.

Сол күні отау жабар кәдесіне аталған қой сойылып, пісірілген еті жиналған жастардың алдына тартылған. Күйеу жігітке қойдың мойын омыртқасы берілген. Ол оны шала мүжіп, сүйегін ақ матаға орап, төмен қарап отырған күйі шаңырақтан сыртқа лақтыратын болған. Мұны «Мойын тастар» деп атаған. Бұл «үйдің түтіні түзу шықсын» дегенді білдірген.

Егер мойынды бір атқаннан тастай алмаса, үстінен тағы да орап, қайта тастаған. Атылған сүйекке сыртта тұрған ауылдың бойдақ жігіттері таласып, қайсысы іліп кетсе, келесі соның тойы болады деп ырымдаған.

Ал жібек орамалды «м о й ы н т а с т а р» кәдесі ретінде күйеуге мойын омыртқа ұсынған әйел алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары