$ 443.35  475.54  4.82

14 жасар видеографтың Алматы туралы роликтері трендке айналды (ВИДЕО)

«Мен видеоларымды дрон арқылы түсіремін. Кейде хоббиім табыс әкеледі. Екі жылдан бері осы іспен айналысып келемін», - деді Бекарыс.

Фото: www.instagram.com/bekarys_zhumabekk/
Фото: www.instagram.com/bekarys_zhumabekk/

Алматылық оқушы туған қаласы туралы қызықты видеолар түсіреді. Оның туындылары желі пайдаланушылардың назарына ілініп, бірден танымал бола бастады, - деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

14 жастағы Бекарыс №133 мектеп-гимназиясының 8-сыныбында оқиды. Жасөспірім бос уақытында әсерлі видеолар түсіреді. Өнерлі жігіттің видеолары қалаға деген сүйіспеншілікке толы.

Бекарыстың видеоларына көптеген оқырман пікір білдірген. Әлеуметтік желі қолданушылары жас видеографтың жұмысына баға беріп, көбісі мақтап жатыр.

«Видеоларыңа қарап-ақ Алматыға ғашық екеніңді білуге болады», «Қандай сұлулық», «Сен өсем дегенше, қала бұдан да көркейе түссінші», - деп жазды Instagram желісінің қолданушылары.

Tengritravel.kz-дің жазуынша жасөспірім видеоларын DJI Air 3 fly More Combo (DJI RC 2) квадрокоптерінің көмегімен түсіреді.

«Маған Қазақстан қалаларын, әсем табиғатты түсіру ұнайды. Әсіресе6 Алматыны. Мен видеоларымды дрон арқылы түсіремін. Кейде хоббиім табыс әкеледі. Екі жылдан бері осы іспен айналысып келемін», - деді Бекарыс.

Осы жазда жасөспірім Астанаға, Ақтауға, Түркістан мен Шымкентке барып, осы қалаларда да қызықты және атмосфералық роликтер түсіруді жоспарлап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары